УЕФА құрамындағы қазақстандық төрешілер арнайы оқу жиынынан өтті

УЕФА құрамындағы қазақстандық төрешілер арнайы оқу жиынынан өтті

Астанада УЕФА құрамына кіретін қазақстандық төрешілерге арналған оқу-жаттығу жиыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл шара 7 шілде күні ҚФФ төрелік және инспекциялау департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды. Оқу жиынының басты мақсаты – төрешілерді еурокубоктардың жаңа маусымына дайындау.

Семинарға 16 төреші қатысты. Олардың қатарында VAR-мамандар мен әйелдер арасындағы халықаралық төрешілер бригадасы да бар. Оқытуды ҚФФ төрелік және инспекциялау департаментінің басшысы Нуну Каштру мен VAR бойынша нұсқаушы Леонид Калошин жүргізді.

Бағдарлама аясында IFAB ережелеріндегі жаңалықтар қаралды. Бұл өзгерістер алдағы уақытта УЕФА аясындағы матчтарда қолданысқа енеді. Сондай-ақ ішкі чемпионаттардағы маңызды ойын сәттері талданып, ережелерге бірдей көзқарас қалыптастыруға баса назар аударылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай оқу-жаттығу жиындары маусым бойы тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сонымен қатар төрешілердің кәсіби деңгейін арттыру және УЕФА-дағы қазақстандық өкілдікті күшейту мақсатында тәлімгерлік жүйе де қатар жүргізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или