Чемпиондар лигасындағы дебютіне «Челсимен» келісімшарт қалай әсер етті. «Қайрат» жағымды жаңалық алды

Чемпиондар лигасындағы дебютіне «Челсимен» келісімшарт қалай әсер етті. «Қайрат» жағымды жаңалық алды

Кеше Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясынжа «Қайрат» Люблянада жергілікті «Олимпияға» қарсы алғашқы кездесуін өткізді. Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері 1:1 есебімен тең түсті.

Белгілі қазақстандық футбол маманы Асқар Қожабергенов Prosports.kz тілшісіне ойын туралы пікір білдірді.

– Бұл нәтижеге оң баға беру керек – бәрібір сырт алаңда гол соғып, тең ойнадық. Ең бастысы – біз гол соқтық, бұл оларға қалай гол салуға болатынын түсінуге көмектесті. Бұл үлгілі қарсы шабуыл болды. «Қайраттың» басты қаруы – екі жылдам шабуылшының бір сәтте қарсы шабуылға шыға алуы. Олар өте жақсы ойнады. Кейін аздап қорғанысқа шегініп, гол жіберіп алдық.

«Олимпия» – Балкан мектебінің өкілі. Бұл Еурокубоктарға үнемі қатысып жүрген өте мықты команда. Жалпы, соңғы он жылда немесе одан да көп уақыт ішінде бұл клуб ойыншыларды сатып, пайда тауып келеді. Олар ойыншыларды арзанға сатып алып, жақсы дамытып, қымбатқа сатады – соңғы трансферлері 5 миллион еуроға жуық болды. Бұл тек алып-сату емес, олар футболшыларды дамытып, сол бағаға жеткізе алады. Бұл клуб жүйесінің мықтылығын және сауатты селекция жұмысын көрсетеді.

Нәтиже әлі шешілмеген – бәрі 50/50. Екі команда да бір-бірін жақсы зерттеп алды, енді апта ішінде бұл ақпаратты толық өңдейді. Сондықтан екі команда да қарымта ойынды қалай өткізу керектігін нақты түсінеді.

Біздің лига қызу жүріп жатыр – бір айналым өтіп кетті, ал «Олимпия» әлі чемпионатын бастамаған. Дегенмен, меніңше, Любляна клубы маусым алдындағы дайындықты жақсы өткізді, олар бірнеше жолдастық кездесу де өткізген болар. Олар тың, ойын ырғағына да кіріп үлгерген. Екінші ойын өте қызықты болады деп ойлаймын, және «Қайрат» өз алаңында осындай күрделі қарсыласты жеңіп, келесі кезеңге өтеді деп сенемін.

Қарсылас тарап біздің жас дарын – Дастан Сатпаев туралы хабардар болған, оның «Челсимен» келісімшартқа отырғанын да білетін. Жергілікті басылымдар да бұл туралы жазды. Бұл – «Қайрат» үшін де, 16 жасында Чемпиондар лигасындағы алғашқы голын соққан Дастан Сатпаев үшін де үлкен жетістік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или