«Бавария» «Реал Мадрид» көшбасшысын қатарына қоспақ

«Бавария» «Реал Мадрид» көшбасшысын қатарына қоспақ

«Бавария» «Реал Мадрид» вингері Родриго Гоэсты қатарына қосқысы келеді және клубқа ресми ұсыныс жасауға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

El Chiringuito журналисі Эдуардо Инданың ақпаратына сәйкес, мюнхендік клубтан бөлек, футболшыға «Арсенал», «Челси» және «Манчестер Сити» қызығушылық танытып отыр. «Челси» Родригоның агентімен байланысқа шыққан, алайда «Реалға» ресми ұсыныс жасамаған.

Ал «Реал» басшылығы 80 миллион еуродан төмен ұсыныстарды қарастырмайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, өткен маусымда Родриго 54 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или