Польшалық футболшы «Жеңіс» сапынан кетті

Польшалық футболшы «Жеңіс» сапынан кетті

Елордалық «Жеңіс» 31 жастағы польшалық қорғаушы Кристиан Новактың клубтан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жеңіс» футбол клубы мен Кристиан Новак арасындағы келісімшарт тараптардың келісімімен бұзылды.

Крис біздің команда сапында 2024 жылғы маусым басынан бастап өнер көрсетті, барлық турнирлерде 40 матч өткізді және бірнеше ойындарда команданы алаңға капитан ретінде бастап шықты. Крис біздің команда сапында соңғы рет 2025 жылдың 24 мамырында «Астанаға» қарсы ойында алаңға шықты. Клуб пен ойыншы арасындағы келіссөздерден кейін келісімшартты бұзу туралы шешім қабылданды», - делінген клуб хабаламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или