Чемпиондар лигасының форматы тағы да өзгереді

Италиялық шабуылшы Марио Балотелли АҚШ-тың «Майами Юнайтед» клубының назарына ілікті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазір еркін агент мәртебесіндегі Балотелли жақында ғана «Дженоа» сапында ойнаған. Енді оны Флоридадан амбициясы жоғары ұжым өз қатарына қосуды көздеп отыр. Ресми келіссөздер басталмаса да, клуб шабуылшының ниетін зерттеп көрмек.
«Майами Юнайтед» — UPSL лигасының Флорида дивизионын жеңіп, тұрақты даму жолына түскен клуб. Олар биылғы маусымда бірнеше трофей жеңіп алды. Балотеллидің келуі — команда үшін тек спорттық қадам ғана емес, медиялық серпіліс болмақ.
Клуб тек Латын Америкасынан емес, Еуропа ойыншыларын да бақылауда ұстап отыр. Соның ішінде Балотеллидің есімі ерекше қызығушылық тудырып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или