Чемпиондар лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Олимпиямен» тең түсті

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Люблянада «Олимпиямен» ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч «Стозице» стадионында өтті.
Командалардың бастапқы құрамы төмендегідей:
«Олимпия»: Лубей-Финк, Дига, Еленкович, Мухамедбегович, Бланко, Диогу Пинту, Агба, Доффо, Митровски, Тамм, Брест.
«Қайрат»: Заруцкий, Луиш Мата, Сорокин, Мартынович, Қасабулат, Тапалов, Глейзер, Станоев, Сәтпаев, Жоржиньо, Громыко.
Матч 1:1 есебімен аяқталды. Алдымен, Дастан Сәтбаев есеп ашса, кейін Диогу Пинту таразы басын теңестіріп кетті.
Қарымта матч 15 шілде күні Алматыда өтеді.
«Олимпия» (Любляна, Словения) — «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) 1:1 (0:0)
Гол соққандар: Сәтбаев 59 (0:1), Диогу Пинту 66 (1:1).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или