ҚПЛ: 15-тур ойындарына қанша жанкүйер жиналғаны белгілі болды

ҚПЛ: 15-тур ойындарына қанша жанкүйер жиналғаны белгілі болды

Қазақстан Премьер-лигасының 15-туры аясында өткен жеті кездесуге барлығы 32 437 жанкүйер жиналды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kazfootball.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ең көп көрермен жиналған кездесу Ақтөбеде өтті – «Актобе» өз алаңында «Атырауды» 11 500 жанкүйердің алдында 2:0 есебімен жеңді.

Ал ең аз көрермен жиналған матч – Шымкентте өткен «Окжетпес» – «Кайсар» ойыны. Бұл матчты небәрі 300 адам тамашалады.

Маусым басталғалы бері Премьер-лига матчтарына жалпы саны 486 257 көрермен келген. Бұл көрсеткіш те бір матчқа орта есеппен 4 587 көрерменнен келеді.

15-тур матчтарына көрермендер саны:

  1. «Ақтөбе» – «Атырау» (2:0) – 11 500 көрермен
  2. «Елімай» – «Тобыл» (2:3) – 7 000
  3. «Қайрат» – «Тұран» (4:0) – 5 137
  4. «Қызылжар» – «Ордабасы» (0:0) – 3 500
  5. «Жеңіс» – «Ұлытау» (2:0) – 3 000
  6. «Жетісу» – «Астана» (0:2) – 2 000
  7. «Оқжетпес» – «Қайсар» (4:2) – 300
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или