Өзбек футболшысы Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін

ЦСКА жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаев «Истанбул Башакшехирге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өзбекстан құрамасының 21 жастағы ойыншысы үшін түрік клубы әлі ұсыныс жасамағаны, алдағы күндері ұсыныс жасайтыны атап өтілді.
ЦСКА Аббосты құрамда сақтап қалу үшін көп күш салуда.
Файзуллаев өткен маусымда ЦСКА сапында барлық турнирлерде 39 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или