Рахмонжонов жекпе-жекті ерте аяқтап, техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Ташкентте өтіп жатқан OCTAGON 75 турнирінің жетінші жекпе-жегі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақта қырғызстандық Нурланбек Абдыкадыров (1-0) пен өзбек файтері Жамолиддин Рахмонжонов (5-1) октагонға шықты.
Кездесу толық раундқа да жеткен жоқ. Рахмонжонов бірінші раундтың екінші минутында айқын басымдық танытып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде ресейлік Даниял «Т-34» Эльбаев пен өзбекстандық Азамат «Айдаһар» Нуфтиллаев уақытша чемпиондық белбеу үшін кездеседі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 75 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON 75 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 75 турнирінің ресми серіктесі — компаниясы