Леон Эдвардс Иан Гарримен жекпе-жек өткізгісі келеді

Леон Эдвардс Иан Гарримен жекпе-жек өткізгісі келеді


UFC-дің бұрынғы чемпионы Леон Эдвардс ирландиялық Иан Гарримен октагонға шығуға ниетті екенін айтты. Бұл туралы Prosports.kz Чемпионат сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл өте қызық жекпе-жек болар еді. Мен UFC басшылығына осы айқасты қалайтынымды жеткіздім. Тамаша камбэк болар еді деп ойлаймын. Биыл өткізе аламыз деп үміттенемін», – деді Эдвардс Sky Sports арнасына берген сұхбатында.

Британдық файтер соңғы жекпе-жегін UFC Fight Night 255 турнирінде өткізіп, америкалық Шон Брэдиге тұншықтыру әдісімен жеңілген болатын. Ал Иан Гарри UFC on ESPN 66 турнирінде Карлос Пратесті ұпай санымен ұтты.

Айта кетейік, осыған дейін Хорхе Масвидаль да Эдвардспен жекпе-жек үшін мансабын қайта жалғастыруға дайын екенін мәлімдеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или