Бекзад Нұрдәулетов бокстан Астанадағы Әлем кубогының финалисі атанды

Қазақстан құрамасының былғары қолғап шебері Бекзад Нұрдәулетов елордадағы Әлем кубогының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жерлесіміз 85 келіге дейінгі салмақтың финалына шығу үшін Түркия өкілі Самет Ерсойға қарсы айқасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Бекзад Нұрдәулетов айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, күндізгі сессияда шаршы алаңға шыққан барлық қазақстандық спортшы финалға шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или