Санжар Тәшкенбай финалға жолдама алды

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің алтын медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жерлесіміз 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.
Жартылай финалда Санжар Тәшкенбай Әзірбайжан өкілі Субхан Мамедовқа қарсы айқасты.
Тартысқа толы жекпе-жектің нәтижесінде Санжар Тәшкенбай төрешілердің бірауызды шешімімен ақтық сынға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) финалға өткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или