Топурия: «Ислам менен қашып, басқа салмаққа өтті»

Топурия: «Ислам менен қашып, басқа салмаққа өтті»

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы, грузиндік Илия Топурия Ислам Махачевтің бұл дивизионнан кетуіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, Махачев чемпиондық белбеуден өз еркімен бас тартып, жартылай орта салмақта өнер көрсететін австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жекке бел буды.

«Айтайын дегенім, Ислам дұрыс шешім қабылдады. Егер UFC оған Джастин Гейджи секілді біреуді қарсы қойғанда, ол жеңіл салмақта қала берер еді. Бірақ мен бұл салмаққа көтерілген соң, ол: «Тәуекел еткім келмейді, жартылай орта салмаққа өтіп, екінші белбеуді алуға тырысамын» деп ойлады. Бітті. Ислам менің қауіпті екенімді біледі, мен оны ұйықтатып тастаймын. Хабиб те оны біледі. Оның менен қашып жүргенінің жалғыз себебі — мен оны жеңетінімді ол жақсы түсінеді», — деді Топурия TMZ Sports-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, Илия Топурия кәсіби мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ал Ислам Махачевтің еншісінде 28 кездесудің 27-сінде жеңіс бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или