Криштиану Роналду: «Диого мен Андреден айырылу – ақылға қонбайды»

Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду жол апатынан қаза тапқан әріптесі, «Ливерпуль» шабуылшысы Диогу Жотаға көңіл айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске сала кетейік, Диогу Жота мен оның інісі Андре Силва Испанияда болған жол апатында көз жұмды. 28 жастағы футболшы өмірден өткеніне небәрі он күн бұрын үйленіп, артында жары мен үш баласы қалды.
«Бұған сене алар емеспін. Жақында ғана құрамамен бірге едік, сосын сен үйлендің.
Жанұяңа шын жүректен көңіл айтамын. Оларға барша әлемнің күші жетсін деймін. Сендер әрдайым олардың жанында боласыңдар.
Диогу мен Андре, жандарың жәннатта болсын. Сендерді сағынатын боламыз», — деп жазды Роналду әлеуметтік желіде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или