Лионель Месси «Интер Майамиде» қала ма?

Лионель Месси «Интер Майамиде» қала ма?

Лионель Месси мен «Интер Майами» жаңа келісімшарт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Marca мәліметінше, аргентиналық жұлдыз қазіргі келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін күшінде болса да, кез келген сәтте оны ұзартуы мүмкін. Тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті және бұл бағытта белсенді жұмыс атқарып жатыр.

Жаңа келісімшарттың кемінде бір жылға ұзартылуы ықтимал.

Дереккөздің ақпараты бойынша, клубтар арасындағы әлем чемпионатынан ұшып кеткеннен кейін Мессидің басты мақсаты — «Интер Майамиді» МЛС чемпиондығына жеткізу. Команда келесі матчын жексенбі күні сырт алаңда «Монреальға» қарсы өткізеді.

Қазіргі таңда «Интер Майами» Шығыс конференциясында алтыншы орында тұр. Команда көш бастап тұрған «Филадельфиядан» 11 ұпайға қалып келеді, бірақ төрт ойыны кем.

Сондай-ақ Мессидің МЛС жұлдыздары мен Лига MX жұлдыздары арасындағы Жұлдыздар матчына қатысуы мүмкін. Сонымен қатар тамыз айының соңына Лигалар кубогы жоспарланған, бұл турнирді Месси 2023 жылы жеңіп алған болатын. «Майами» басшылығы бұл жарысқа аса мән беріп, жаңа титул үшін күресуге ниетті.

Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындықты да дәл осы «Интер Майами» сапында жалғастырады деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или