Қазақстан мен Тәжікстан спортшылары арасындағы жекпе-жек нокаутпен аяқталды

Еуразиялық жекпе-жек лигасы мен 1XBET-пен бірлесіп ұйымдастырған OCTAGON 1XBET SELECTION 52 іріктеу турнирі аясында кезекті кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аса жеңіл салмақтағы тәжікстандық спортшы Акром Узаков қазақстандық Бакадыр Отабековпен күш сынасты.
Раундтың алғашқы секундтарында өзбекстандық файтер бастаманы қолға алып, қарсыласын оңай жерге құлатты. Партерде Узаков қарсыласына соққылар жасай бастады, ал Отабековтің бұрышы бұл шабуылдарды аса қауіпті деп бағалап, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, тәжікстандық спортшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Жекпе-жектің шешуші сәтін төмендегі видеодан 37:30 минуттан бастап көруге болады.
Турнирдің титулды демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink