Клубтар арасындағы ӘЧ-нің басты фавориті кім? «Реал» мен ПСЖ емес

Opta статистикалық порталы клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетуі мүмкін фавориттер рейтингін жаңартты. «Манчестер Сити» командасының «Әл-Хиләлден» сенсациялық жеңілісінен кейін турнирдің басты үміткерлері өзгерді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазір рейтингтің көшін «Челси» бастап тұр — олардың жеңіске жету мүмкіндігі 26,8% деп бағаланып отыр. Одан кейінгі орындарда ПСЖ (24,9%) мен «Реал» (16,9%) тұр. Ең аз мүмкіндік «Флуминенседе» — бар болғаны 1,5%.
1/4 финалдағы жұптар келесідей:
«Флуминенсе» — «Әл-Хилал»
«Палмейрас» — «Челси»
ПСЖ — «Бавария»
«Реал» — «Боруссия» Дортмунд.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или