«Ордабасы» бас бапкері: Шабуыл шебін күшейтеміз

«Ордабасы» бас бапкері: Шабуыл шебін күшейтеміз


«Ордабасы» командасының бас бапкері Андрей Мартин клубтың трансферлік жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, соңғы турдағы «Қайраттан» болған жеңіліс (0:1) бәрінің көңіл-күйін түсірген. Командадан Швырев пен Кайоде кетіп, Абубакар да қош айтысуы мүмкін. Ал қатарға Юрий Вакулько, Михай Кэпэцинэ және Влад Наумец қосылған.

«Біздің команда жаңадан жасақталды. Кей жанкүйерлер соны ескере бермейді. Қазір белсенді түрде шабуылшы іздеп жатырмыз. “Туранның” бұрынғы капитаны Абылайхан Жұмабекпен келісімшарт жасайтын шығармыз. Егер тағы бір шабуылшы тапсақ — жақсы болар еді», — деді бапкер.

Қазіргі таңда «Ордабасы» 13 ойыннан кейін 19 ұпаймен КПЛ турнирлік кестесінде жетінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или