Атақты ағылшын шабуылшысы Түркия чемпионатына ауысты

«Рома» мен Англия құрамасының шабуылшысы Тэмми Абрахам енді Түркияда доп тебеді. 27 жастағы футболшы маусым соңына дейін «Бешикташ» клубына жалға берілді.
Өткен маусымда Абрахам 45 ойында алаңға шығып, 10 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Ол бұған дейін «Челси» мен өзге де ағылшын клубтарында өнер көрсеткен.
Айта кетейік, қазір «Бешикташ» сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов та ойнап жүр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или