Беларусь шабуылшысы ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін

Беларусь құрамасының шабуылшысы Виталий Лисакович «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Sport Belarus telegram арнасына сілтеме жасап.
«Спорт Беларусь хабарлағандай, Виталий Лисакович «Ақтөбемен» еңбек келісім-шартын жасасуға жақын», - деп жазады дереккөз.
Лисаковичтің келісім-шартының аяқталуына байланысты ресейлік «Балтика» сапындағы мансабын аяқтағаны бұрын хабарланған болатын.
Өткен маусымда беларусь Ресей бірінші лигасында 18 матч өткізіп, алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или