Мбаппе «Ювентусқа» қарсы ойында алаңға шығады

Мбаппе «Ювентусқа» қарсы ойында алаңға шығады

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе алдағы клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы «Ювентусқа» қарсы ойынына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Реал» командасының бас бапкері Хаби Алонсоның айтуынша, франциялық жарақатынан толық жазылды, алаңға шығуға дайын. «Мбаппе оралды. Ол матчқа қатысуға дайын», - деп келтіреді Madrid Universal испаниялық бапкердің сөзін.

Килиан Мбаппе әлі Алонсоның қол астында ойнаған жоқ. Жұлдызды шабуылшы әлем чемпионатының топтық кезеңін түгелдей өткізіп алды. «Реал» мен «Ювентус» арасындағы ойын 1 шілдеде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или