Оливье Жиру карьерасын Францияда жалғастырады

Шабуылшы Оливье Жиру «Лос-Анджелес» сапындағы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Форвард МЛС тұрақты чемпионаты аясында «Ванкувер Уайткепс» командасына қарсы матчта (0:1) негізгі құрамда шығып, 59 минут алаңда өткізді. Баспасөз мәслихатында ол карьерасын Францияда жалғастыратынын айтты.
«Лилль» мен және отбасым үшін көптеген талаптарға сай келді. Мен командаға алаңда да, алаңнан тыс та лидер ретінде, ойыншылар мен жұмысшылар арасындағы байланыстырушы буын ретінде пайда әкелемін деп үміттенемін.
Еуропа лигасында ойнау идеясынан шабыттандым. «Лилль» — Франциядағы үлкен клуб», — деді Жиру.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или