Қазақстан құрамасының жұлдызы Әлем кубогы кезеңінің 1/4 финалына шықты

Қазақстан құрамасының жұлдызы Әлем кубогы кезеңінің 1/4 финалына шықты

Астанада World Boxing Әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақтағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Виктория Графеева жеңіске деген жігерін көрсетіп, 1/8 финалда жапониялық Аяки Тагучиден жеңісті жұлып алды.

Жекпе-жек тең аяқталуға жақын еді, алайда үшінші раундта Вика белсенділігін арттырып, төрешілер соңғы кезең мен жалпы жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или