Абылайхан Жұмабек «Ордабасымен» келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Абылайхан Жұмабек шымкенттік «Ордабасы» клубымен келіссөз жүргізуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
23 жастағы футболшы биылғы маусымды «Туран» сапында бастап, 12 матчқа қатысып, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Ол бұған дейін туған қаласының «Тараз» клубында, сондай-ақ «Ақтөбе» мен «Жетісу» командаларында доп тепкен.
2022 жылы Жұмабек Магомед Адиевтің басшылығымен Қазақстан құрамасында Беларуське қарсы (2:1) және Әзірбайжанға қарсы (0:3) өткен кездесулерге қатысқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или