Катар 2029 жылғы клубтық әлем біріншілігін өткізгісі келеді

Катар 2029 жылғы клубтық әлем біріншілігін өткізгісі келеді


Катар 2029 жылы өтетін клубтық әлем чемпионатын ұйымдастыруға ресми өтініш берді. Осылайша, олар бұл турнирді өткізгісі келетін елдердің қатарын толықтырды. Бұған дейін Испания, Бразилия мен Марокко да өз ниеттерін білдірген болатын, деп жазады Prosports.kz «Спорт Шрёдингера» басылымына сілтеме жасап.

Басылым дерегінше, Катар тарапы АҚШ-та өтіп жатқан қазіргі турнир барысында ФИФА өкілдерімен бұл мәселені талқылаған. Елде 2022 жылғы әлем чемпионатына салынған тоғыз заманауи стадион сақталған, бұл Катардың мүмкіндігін арттыра түседі.

Дегенмен, негізгі кемшілік – ауа райы. Егер Катар жеңіске жетсе, турнир үлкен ықтималдықпен тағы да қыс мезгіліне ауыстырылуы мүмкін. Қазіргі таңда желтоқсан 2029 – ең қолайлы нұсқа ретінде қарастырылып отыр.

ФИФА жақын айларда үміткерлер арасында ресми іріктеу өткізуді жоспарлап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или