ҚФФ басшысы: Нәтиже болмаса, бас бапкер бойынша шешім қабылдаймыз

ҚФФ басшысы: Нәтиже болмаса, бас бапкер бойынша шешім қабылдаймыз

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ұлттық құраманың алдағы ойындарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеуі аясында Уэльс құрамасымен өз алаңында матч өткізеді. Келесі ойын Бельгиямен сырт алаңда өтпек. Одан кейінгі кездесу де қонақта – Лихтенштейн құрамасына қарсы.

Парламент палатадарының бірліскен отырысының кулуарында Марат Омаров журналистердің ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиевке қатысты сұрағына жауап берді.

Уэльспен, Бельгиямен, Өзбекстанмен болатын ойындардың қалай өтетінін көрейік. Егер нәтиже болмаса, кадрлық шешім қабылдаймыз, – деді Омаров кулуарда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или