UEFA «Лион» клубына айыппұл салды

UEFA франциялық «Лион» клубына айыппұл салды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Арыстандар» Бірінші лигада қалса, Еуропа лигасына қатысуға мүмкіндік алу үшін UEFA-мен келісімге келгенін хабарлаған еді.
Бірақ ол үшін 50 млн еуро айыппұл төлеуі керек екен. Оның 12,5 млн еуросын міндетті түрде беруі тиіс. Ал қалғаны қаржылық ережелерді қалай орындағанына байланысты болады.
«Лионда» барлық құжатты реттеп, апелляцияға беретін әлі бірнеше күн бар.
Жеңбесе, Еуропа лигасына да қатыса алмайды. Сондықтан жанкүйерлер Джон Текстордың кетуін талап етіп жатыр.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын қаржылық ережелерді бұзғаны үшін клуб жазаланған болатын. Өткен маусым қорытындысы бойынша бірінші орын алғанына қарамастан екінші лигаға түсіп қалған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или