UFC 317 турнирінің тікелей трансляциясы

UFC 317 турнирінің тікелей трансляциясы

29 маусымға қараған түні АҚШ-тың Невада штаты, Парадайс қаласындағы «T-Mobile» аренасында Халықаралық жекпе-жек апталығына арналған UFC 317 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу қорғалады: бұл кездесуде дивизион чемпионы Александр Пантожа Жаңа Зеландиялық Кай Кара-Франсқа қарсы шығады.

Ал турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы бос чемпиондық титул үшін айқас өтеді. Бұрынғы чемпион Ислам Махачев белбеуден бас тартқаннан кейін, енді бұл титул үшін бразилиялық Чарльз Оливейра мен жеңіліп көрмеген Илия Топурия күш сынасады.

Алдын ала кард Қазақстан уақытымен 03:30-да басталады, ал басты кард шамамен 07:00-де өтеді. Тікелей трансляцияны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Басты кард

Илия Топурия (16-0) — Чарльз Оливейра (35-10-0-1): титульный бой

Александр Пантожа (29-5) — Кай Кара Фрэнс (25-11): титульный бой

Бениэл Дариуш (22-6-1) — Ренато Мойкано (20-6-1)

Брэндон Ройвал (17-7) — Джошуа Ван (14-2)

Пэйтон Тэлботт (9-1) — Фелипе Лима (14-1)

Бастапқы кард

Джек Херманссон (24-8) — Грегори Родригес (16-6)

Хайдер Эмил (11-0) — Хосе Мигель Дельгадо (9-1)

Вивьен Арауджо (13-6) — Трэйси Кортез (11-2)

Терренс Маккинни (16-7) — Вячеслав Борщев (8-5-1)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или