Асылжан Бахытжанұлы мен Артём Резниковтың қатысуымен өтетін ACA 188 турнирінің тікелей трансляциясы

Асылжан Бахытжанұлы мен Артём Резниковтың қатысуымен өтетін ACA 188 турнирінің тікелей трансляциясы

Бүгін, 28 маусым күні, ресейлік Сочиде Absolute Championship Akhmat (ACA) промоушені ұйымдастырған ACA 188 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақта Гран-при финал өтеді, онда қазіргі чемпион Курбан Гаджиев пен үміткер Азамат Пшуков кездеседі.

Айта кетейік, қос спортшы бұған дейін 2021 жылы ACA 127 турнирінде кездесіп, ол кезде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Гаджиев жеңіске жеткен болатын. Бұл жолғы жекпе-жек бес раундтан тұрады, ал жүлде ретінде чемпиондық белбеу мен Гран-при жеңімпазы титулы сарапқа салынады.

Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде Асылжан Бақытжанұлы мен Григор Матевосян кездеседі — бұл айқас жартылай ауыр салмақта өтеді. Сонымен қатар, турнирде жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Артём Резников сынға түседі— оның қарсыласы Дауд Шайхаев болады.

Турнирдің негізгі кардындағы жекпе-жектердің тікелей трансляциясы шамамен 22:30-да басталады. Трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или