«Мені үшін бастысы – жеңіс». Георгий Кичигин Шохасанмен болатын жекпе-жек жайлы ойын айтты

6 шілде күні Ташкентте өтетін OCTAGON 75 турнирінде қазақстандық тәжірибелі файтер Георгий Кичигин мен өзбекстандық жойқын нокауттарымен көзге түскен Шохасан Миразматов арасындағы көптен күткен чемпиондық жекпе-жек өтеді. Осы кездесуге орай «Рыцарь» лақап атымен танымал Кичигин Prosports.kz тілшісіне сұхбат берді.
– Бұған дейін бұл кездесудің өтетініне сенбеген едіңіз. Енді, міне, жекпе-жекке санаулы күн қалды. Тағы да кейінге шегеріліп кете ме деген қауіп жоқ па?
– Қазір бұл айқасқа сақтық үшін бір балама боец бекітілген, сондықтан мен үшін бәрі бір. Бұл кездесу – таза медиялық деңгейдегі оқиға ғана.
– Дайындық қалай өтті?
– Екі ай бойы дайындалдық. Көбірек көңіл бөлгеніміз – күрес пен бақылау.
– Шохасанмен жекпе-жекті ең қиын кездесулеріңіздің бірі деп санайсыз ба?
– Жоқ. Бұл жай ғана жекпе-жек. Қарсыласымның тек медиялық салмағы жоғары.
– Ол әдетте шоу жасауды жақсы көреді. Сол көңіл үшін көрерменге сәл «ойын» көрсету ойыңызда бар ма?
– Мен үшін бастысы – жеңіс. Шоудың маған қажеті жоқ.
– Айқастың Өзбекстанда өтуі сізге әсер ете ме?
– Жоқ. Қазақстан ба, Өзбекстан ба – мен үшін бәрібір.
– Шохасаннан не күтуге болады?
– Ең қауіптісі – бірінші раунд. Ол өте жылдам, соққысы ауыр. Бірақ мен дайынмын.
– Бұл жекпе-жек сіздердің араларыңыздағы тарихтың жалғасы болуы мүмкін бе?
– Оны уақыт көрсетеді. Алдымен осы айқасты өткізіп алуымыз керек. Шохасан оңай қарсылас емес.
– Қарсыласыңызға айтар тілегіңіз?
– Дайын болсын. Бұл жекпе-жекті бәрі көптен күтіп жүр. Қашып кетпесін.