Джоэль Каямба ҚПЛ клубына ауысты

«Атырау» конголық жартылай қорғаушы Джоэль Каямбамен келісімге қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Джоэль Каямба «Атырау» футбол клубын таңдады»
Конго Демократиялық Республикасының жартылай қорғаушысы Джоэль Нганду Каямба «Атырау» футбол клубына оралып, келісімшартқа отырды.
Киншаса қаласының тумасы өз мансабын өз еліндегі Шаркс командасында бастады, содан кейін Чехияда Хлинско, Прибрам және Виктория (Пльзен) және басқа клубтарда ойнады. Кейін Түркияға ауысып, Самсунспор мен Болуспор командаларының намысын қорғады.
Өткен маусымды Атырауда өткізген Каямба биыл ливиялық «Абу Салим» клубында өнер көрсетті.
Оның Еуропа лигасында ойнау тәжірибесі бар. Ол Конго ДР құрамасында ойнаған», - деп жазды атыраулық клуб Instagram желісінде.
Айта кетейік, 13 турдан кейін «Атырау» төрт ұпайға ие болып, турнир кестесінде соңғы орында келеді.