Александр Бублик – Франсиско Комесан кездесуінің тікелей трансляциясы

Қазақстандық Александр Бублик Истборн қаласында (Ұлыбритания) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің бірінші айналымында аргентиналық Франсиско Комесанаға қарсы ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бублик өткен аптада Галледе өткен турнирдің чемпионы атанып, үздік 30-ға қайта оралды.
Айта кетейік, Бублик жақында Янник Синнерді, Томаш Махачты, Карен Хачановты және Даниил Медведевті жеңді.
Осыдан кейін Бублик Уимблдондағы үздік 10 фавориттің қатарына енді.
Бублик - Комесан кездесуінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 18:00-де басталады, оны мына сілтеме бойынша көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или