Александр Бублик ATP жаңартылған рейтингінде көтерілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP жаңартылған рейтингінде 15-сатыға көтеріліп, 30-орынға жайғасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
22 маусым, жексенбі күні қазақстандық турнирдің финалында ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6 (7:4) есебімен ұтып, Галле турнирінің чемпионы атанды.
Жарыстағы жеңіс Александр Бубликке 500 рейтингтік ұпай мен 471 455 еуро жүлде әкелді.
Рейтингтің үздік жүздігіне Қазақстаннан Александр Бубликтен бөлек 24 жастағы Александр Шевченко енді. Ол 97-қатарға орналасты.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина WTA жаңа рейтингінде 11-орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева бірден 7 сатыға төмендеп, әлемнің 34-ракеткасы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или