Қазақстандық теннисші Уимблдон-2025 турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Уимблдон-2025 турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеу кезеңінің ширек финалында ол украиналық Юрий Сачконы 7:5, 4:6, 7:6 (10:3) есебімен жеңді. Ойын 2 сағат 24 минутқа созылды.
Келесі қарсыласы — Германия өкілі Янник Ханфман.
Уимблдон турнирінің негізгі кезеңі 30 маусымда басталып, 13 шілдеде аяқталады. Ерлер арасындағы жекелей сында қазіргі чемпион атағын испаниялық Карлос Алькарас қорғайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или