Теннис. Уимблдон-2025: Төрт қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінде матч өткізеді

23 маусымда «Үлкен дулыға» Уимблдон-2025 турнирінің іріктеу кезеңі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның төрт өкілі өз жолын іріктеуден бастайды.
Қазақстанның үшінші ракеткасы Дмитрий Попко маусымның басты шөп турнирін 23 жастағы аргентиналық Роман Андрес Бурручагаға (АТР рейтингінде 133) қарсы кездесуден бастайды.
Тимофей Скатов алғашқы кездесуін италиялық 30 жастағы Стефано Наполитаноға (No684) қарсы өткізеді.
Михаил Кукушкин бразилиялық Тиаго Уайльдпен (No120) кездеседі.
Бейбіт Жұқаев Украина өкілі Виталий Сачкомен (No213) матч өткізеді.
Сондай-ақ Александр Бублик пен Александр Шевченко турнирді негізгі кезеңнен бастайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или