«Манчестер Сити» әлем чемпионатында «Әл-Айн» командасын жеңді

Атлантадағы (АҚШ, Джорджия) Mercedes-Benz стадионының алаңында ағылшындық «Манчестер Сити» мен Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» клубтары арасындағы 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының «С» тобындағы топтық кезеңінің 2-ші турындағы ойын аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесуде манкуниандар 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Жеңімпаздар сапында Илкай Гюндоган дубль авторы атанса, Клаудио Эчеверри, Эрлинг Хоаланд (пенальтиден), Оскар Бобб пен Райан Черки де бір-бір голдан соқты. Өзбекстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов ұзақ уақыттан бері алғаш рет ағылшындық клуб сапында алаңға шығып, 61 минут ойнады.
Осылайша, «Манчестер Сити» екі матчта алты ұпай жинап, топтық кезеңге бір тур қалғанда «Ювентуспен» бірге плей-офф кезеңіне өтті. Туриндік командада да алты ұпай бар.