Самородовтың «Ахматта» жаңа бәсекелесі пайда болды

UFC турнирінен кейін өткен баспасөз жиынында Әзербайжан атынан шығатын файтер Рафаэль Физиев жеңісінен соң Илон Маскқа неге шақырту тастағанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
– Неге Маскқа ма? Білмеймін, анау Трамп қуып жіберді дейді, біртүрлі қылықтар көрсетіп жүр. Қазір сәл төмендеп қалған сияқты. Мүмкін, мына жаққа шығарып көрерміз? – деді Физиев.
Рафаэль ММА-де 17 жекпе-жек өткізіп, оның 13-інде жеңіске жеткен.
Айта кетейік, «Атаман» лақап атымен танылған Рафаэль Физиев – Қордай тумасы. Ол UFC-дегі дебютін 2019 жылы өткізген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или