Тони Надаль Уимблдонда сенсация болуы мүмкін дейді

Тони Надаль Уимблдонда сенсация болуы мүмкін дейді


Испаниялық маман Тони Надаль Уимблдон турнирінде Янник Синнер мен Карлос Алькарас секілді рейтинг көшбасшыларын кім жеңуі мүмкін екенін айтып өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Әдетте барлығы Синнер мен Алькарас финалда кездеседі деп күтеді. Бірақ бұл – ерекше турнир. "Үлкен дулығада" тосын нәтижелер жиі болады. Егер сол күні ойыны жүріп тұрған Бен Шелтон секілді біреу қарсы жолықса, басты фавориттер де жеңіліп қалуы мүмкін. Өйткені шөп төсенішінде ойынның бағыты әп-сәтте өзгеріп кетеді, – деді Тони Надаль Tennis 365 басылымына берген сұхбатында.

Уимблдон–2025 турнирі 30 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или