Дэйна Уайт Махачев пен Топурия жекпе-жегі жайлы пікір білдірді

Дэйна Уайт Махачев пен Топурия жекпе-жегі жайлы пікір білдірді


UFC президенті Дэйна Уайт Ислам Махачев пен Илия Топурия арасындағы ықтимал жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 маусым күні Топурия жеңіл салмақта бразилиялық Чарльз Оливейрамен чемпиондық белбеу үшін айқасады. Ал Махачев жартылай орта салмақта австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы титулдық жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

– Илия жақында ғана жеңіл салмаққа көтерілді. Енді біз оны жартылай орта салмаққа көшіру жайлы айтып жатырмыз. Алдымен оның Оливейраға қарсы қалай өнер көрсететінін көрейік. Сол сияқты Махачевтің де жекпе-жегін бағалаймыз. Мүмкін екеуі де бір-біріне қарсы шығуды қалайтындай жағдай туар, – деді Уайт Бакудегі UFC турнирінен кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Махачев ММА-де 28 жекпе-жек өткізіп, оның 27-сінде жеңіске жеткен. Ал Топурия барлық 16 айқасында жеңілген емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или