OCTAGON 74 турнирінің басты жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Алматыда өткен OCTAGON 74 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Нұржігіт Баймен (8-0) мен тәжік файтері Амирхон Атахонов (7-4) октагонға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аса жеңіл салмақтағы бұл кездесу тартысты өтті. Қарсыластар соңына дейін берілмей, жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды.
Айта кетейік, келесі OCTAGON 75 турнирі 6 шілде күні Ташкентте өтеді. Өзбекстан астанасында Сатурн, Мавлонбек Миркомилов, Өзбек Тайсоны секілді танымал файтерлер өнер көрсетеді. Ал басты айқаста өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов пен қазақстандық Георгий Кичигин жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуді сарапқа салады.
Турнирдің ресми серіктесі – Gorilla Energy Drink
Бас серіктес – UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы