OCTAGON 74: ауыр салмақтағы жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды

Еуразиялық жекпе-жек лигасы ұйымдастырған OCTAGON 74 турнирінде ауыр салмақтағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Октагонда өзбекстандық файтер Хумолиддин Мухтаров (1-0) пен қырғызстандық Омотбек Эльчоро (3-3) күш сынасты.
Жекпе-жек толық қашықтыққа созылған жоқ — бірінші раундтың ортасында өзбек спортшысы тұншықтыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық файтер, жеңіл салмақтағы рейтингтің бірінші нөмірі Нұржігіт Байменов (8-0) пен тәжірибелі тәжікістандық спортшы Амирхон Атахонов (7-4) кездеседі.
Ко-мейн ивентте мінсіз рекорд иесі, қазақстандық тағы бір проспект Қожахмет Иманғали (6-0) өнер көрсетеді. Жартылай жеңіл салмақтағы рейтингтің үшінші нөмірі чемпиондық белбеуге жол ашқысы келеді, ал оның қарсыласы бразилиялық Веллингтон Перейра (10-8) болады.
Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде Ресей тумасы, қазіргі таңда Бахрейн намысын қорғайтын Магомед Магомедов (14-0) бразилиялық Магно Де Соузамен (14-6) күш сынасады.
OCTAGON 74 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 74 турнирдің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
Турнирдің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBEТ букмекерлік компаниясы