Қазақстан мен Қырғызстан спортшылары арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы анықталды

Қазақстан мен Қырғызстан спортшылары арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы анықталды

Алматыда қаласында өтіп жатқан OCTAGON 74 турнирінің кезекті жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта қырғызстандық Кутман Усупхужаев (3-0-1) қазақстандық Бақжанар Нұрланбекұлымен (3-0) кездесті.

Қарсыластар тартысты әрі әсерлі жекпе-жек өткізді. Кездесу толық қашықтыққа созылып, жеңіс Кутман Усупхужаевқа бұйырды.

Еске салайық, кештің басты жекпе-жегінде жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық файтер, жеңіл салмақтағы рейтингтің бірінші нөмірі Нұржігіт Байменов (8-0) пен тәжірибелі тәжікістандық спортшы Амирхон Атахонов (7-4) кездеседі.

Ко-мейн ивентте мінсіз рекорд иесі, қазақстандық тағы бір проспект Қожахмет Иманғали (6-0) өнер көрсетеді. Жартылай жеңіл салмақтағы рейтингтің үшінші нөмірі чемпиондық белбеуге жол ашқысы келеді, ал оның қарсыласы бразилиялық Веллингтон Перейра (10-8) болады.

Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде Ресей тумасы, қазіргі таңда Бахрейн намысын қорғайтын Магомед Магомедов (14-0) бразилиялық Магно Де Соузамен (14-6) күш сынасады.

OCTAGON 74 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink

OCTAGON 74 турнирдің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы

Турнирдің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBEТ букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или