OCTAGON 74: қазақстандық спортшының жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Алматыда қаласында өтіп жатқан OCTAGON 74 турнирінің кезекті жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Минималды салмақта Қазақстан өкілі Русалина Мүлікова (0-2) Қырғызстан спортшысы Динара Жолчубайкызымен (2-2) күш сынасты.
Алғашқы екі раунд тартысты өтті, алайда үшінші раундта қазақстандық спортшы күтпеген шешім қабылдап, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Бұл — Мүлікованың кәсіпқойлар арасындағы үшінші мерзімінен бұрынғы жеңілісі.
Еске салайық, кештің басты жекпе-жегінде жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық файтер, жеңіл салмақтағы рейтингтің бірінші нөмірі Нұржігіт Байменов (8-0) пен тәжірибелі тәжікістандық спортшы Амирхон Атахонов (7-4) кездеседі.
Ко-мейн ивентте мінсіз рекорд иесі, қазақстандық тағы бір проспект Қожахмет Иманғали (6-0) өнер көрсетеді. Жартылай жеңіл салмақтағы рейтингтің үшінші нөмірі чемпиондық белбеуге жол ашқысы келеді, ал оның қарсыласы бразилиялық Веллингтон Перейра (10-8) болады.
Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде Ресей тумасы, қазіргі таңда Бахрейн намысын қорғайтын Магомед Магомедов (14-0) бразилиялық Магно Де Соузамен (14-6) күш сынасады.
OCTAGON 74 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 74 турнирдің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
Турнирдің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBEТ букмекерлік компаниясы