Алматыдағы OCTAGON 74 турнирінің тікелей трансляциясы

21 маусымда Алматыда Еуразиялық жекпе-жек лигасының алғашқы жазғы турнирі – OCTAGON 74 өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық файтер, жеңіл салмақтағы рейтингтің бірінші нөмірі Нұржігіт Байменов (8-0) пен тәжірибелі тәжікістандық спортшы Амирхон Атахонов (7-4) кездеседі.
Ко-мейн ивентте мінсіз рекорд иесі, қазақстандық тағы бір проспект Қожахмет Иманғали (6-0) өнер көрсетеді. Жартылай жеңіл салмақтағы рейтингтің үшінші нөмірі чемпиондық белбеуге жол ашқысы келеді, ал оның қарсыласы бразилиялық Веллингтон Перейра (10-8) болады.
Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде Ресей тумасы, қазіргі таңда Бахрейн намысын қорғайтын Магомед Магомедов (14-0) бразилиялық Магно Де Соузамен (14-6) күш сынасады.
Сондай-ақ, кеште Надыр Алиев, Фарход Кудратов, Акбар Бактыбек уулу, Ерасыл Тәңірбергенов, Жұмабай Машрапов және басқа да спортшылар бақ сынайды.
Бұған дейін ресми салмақ өлшеу және көз арбасу рәсімі өткен болатын:
OCTAGON 74 турнирінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады. Турнирді OCTAGON TV ютуб-арнасынан көруге болады.
OCTAGON 74 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 74 турнирдің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
Турнирдің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBEТ букмекерлік компаниясы
OCTAGON 74 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады