Магомед Әдиев жұмыссыз қалуы мүмкін

Магомед Әдиев жұмыссыз қалуы мүмкін

Магомед Әдиевтің «Крылья Советов» клубындағы алғашқы жаттығуына 10 футболшы қатысты. «Мутко против» Telegram арнасының хабарлауынша, Самара командасында толыққанды жаттығу үдерісі үшін ойыншылар жеткіліксіз, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футбол агенті Павел Андреевтің клиенттерінің барлығы дерлік командадан кеткені хабарланды. Осылайша, Самара командасында Магомед Әдиевтің қол астындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына қажетті ойыншылар саны жоқ. Жағдай өзгермесе, маманның өзі де командадан кетуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін команданы 2020 жылдың шілдесінен бастап баптаған ресейлік бапкер Игорь Осинкин «Крылья Советов» командасынан кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или