Тимофей Скатов Польшадағы жарыстың екінші айналымына өтті

Қазақстандық, әлемнің 215-ракеткасы Тимофей Скатов Познань (Польша) челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 9-ракеткасы Т.Скатов алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 293-орындағы молдовалық Раду Алботтан айласын асырды.
Қазақстандық теннисші биыл Бухарест (Румыния) ATP 250 турнирінің іріктеу сатысында Р.Алботты 6:1, 7:6 (7:3) есебімен ұтқан болатын.
Бұл жолы 1 сағат 29 минутқа созылған матчта Скатов 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Бәсеке барысында Т.Скатов 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Р.Албот 1 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.
Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 342-ракеткасы, чехиялық Гинек Бартон немесе рейтингіде 377-сатыдағы америкалық Тоби Алекс Кодаттың қай жеңгенімен таласады.