Путинцева Ноттингемдегі турнирді сенімді жеңіспен бастады

Путинцева Ноттингемдегі турнирді сенімді жеңіспен бастады

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (№27 WTA) Ноттингемдегі WTA 250 санатындағы турнирде сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші раундта қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 577-ші орында тұрған британдық Ханна Клагменмен кездесті. Матч Путинцеваның сенімді жеңісімен аяқталды — 6:2, 6:2. Кездесу 1 сағат 9 минутқа созылды.

Ширек финалға шығу үшін Юлия Лаура Зигемунд (Германия) — Ребекка Шрамкова (Словакия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или