ӘЧ: «ПСЖ» — «Атлетико» матч ірі есеппен аяқталды

ӘЧ: «ПСЖ» — «Атлетико» матч ірі есеппен аяқталды

Пасадена қаласында (АҚШ) 2025 жылғы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңінің матчы өтіп, франциялық ПСЖ мен испаниялық «Атлетико» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 4:0 есебімен ПСЖ-ның пайдасына аяқталды. Париждіктер сапында 19-минутта Фабиан Руис гол соқса, 45+1-минутта Витинья есепті еселеді, 87-ші және 97-ші минуттарда Сенни Майулу мен Ли Канг-ин пенальтиден нәтижені қорытындылады.

Сондай-ақ 2025 жылғы Клубтар арасындағы әлем чемпионатында ПСЖ мен Атлетикомен топта американдық Сиэтл Саундерс пен бразилиялық Ботафого ойнайды. Айта кетейік, ПСЖ сарапшылардың пікірінше, турнирдегі жеңіске басты үміткер. Екі апта бұрын Луис Энрике шәкірттері финалда италиялық «Интерді» 5:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или