«Ақтөбенің» бұрынғы легионері Қазақстанға қайта оралуға жақын

«Ақтөбенің» бұрынғы легионері Қазақстанға қайта оралуға жақын


32 жастағы ресейлік қорғаушы Дмитрий Яшин Қазақстан чемпионатына қайта оралуы мүмкін. Қазір ол Ресейдің «Кубань» клубында ойнап жүр. 2025 жылдың басынан бері Лига-2 Дивизион А (2-фаза) аясында 11 матч өткізген, деп хабарлайды Prosports.kz legalbet сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Яшин Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсеткен. 2023 жылы ол «Ақтөбе» сапында 21 матчқа қатысса, кейін «Елімайға» ауысып, барлық турнирде 25 ойын өткізген.

Кәсіби мансабында Яшин Ресейдің «Терек», «Сокол», «Байкал» клубтарында, сондай-ақ Беларусь пен Армения біріншіліктерінде («Торпедо», «Луч», «Крумкачы», «Гандзасар») доп тепкен.

Transfermarkt порталының мәліметінше, ойыншының қазіргі нарықтық бағасы – 200 мың еуро.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или