Жалғас Жұмағұлов чехиялық промоушеннің чемпиондық белбеуін жеңіп алуға ниетті

Жалғас Жұмағұлов чехиялық промоушеннің чемпиондық белбеуін жеңіп алуға ниетті

Қазақстандық MMA файтері Жалғас Жұмағұлов (17-9) чехиялық Oktagon промоушеніндегі титулды жекпе-жекке қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 маусым күні ол Гамбург қаласында аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін Грузия өкілі Бено Адамиямен (12-8-2) кездеседі.

«Менде чемпиондық көңіл-күй бар. Жігерлімін әрі мотивациям жоғары. Бұл мен үшін жаңа белес, оны бағындыруға дайынмын. Қарсыласымды зерттедім — жақсы соққыш, күрестен жақсы қорғана алады», — деді Жұмағұлов Legalbet.kz порталына берген сұхбатында.

Жұмағұлов пен Адамия арасындағы жекпе-жек Германияда өтетін Oktagon 73 турнирі аясында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или